Ұлытау облысы білім басқармасының
«Ұлытау облысының әдістемелік орталығы» КМҚМ
КГКП «Методический центр области Ұлытау» управления образования области Ұлытау
МЕНЮ
БӨЛІМ БАСШЫСЫ
БЕРІКҚЫЗЫ ЖАНСАЯ
- Бөлімнің нормативтік құжаттарын жүргізеді;
- Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестациясынан өтуіне әдістемелік көмек көрсетеді;
- Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін жағдай жасайды, сабақтарға қатысады, сындарлы кері байланыс береді, сыртқы бақылау жүргізеді;
- Бөлімнің әдістемелік отырыстарын жоспарлайды, өткізеді, хаттама орындалысын бақылайды;
- Бөлімнің жылдық жоспарын әзірлейді және жарты жылдықта, жылдықта орындалысын талдайды;
- Білім беру ұйымдары мен педагогтерді ақпараттық, технологиялық, консалтингтік, психологиялық қолдайды, сондай-ақ білім беру ұйымдарын лицензиялауға, аттестаттауға және аккредиттеуге даярлау үшін әдістемелік сүйемелдейді;
- Білім беру ұйымдарының өңірлік және басқа да жоғары оқу орындарымен, білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарымен, білім беру орталықтарымен ынтымақтастығын қамтамасыз етуді қамтиды;
- Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілген жұмыстардың ақпаратын сол күні жауапты директор орынбасарына тапсырады;
ӘДІСКЕР
ВАКАНТ
- Педагогикалық қызметті зерттейді және үздік (озық, инновациялық) педагогикалық тәжірибелерді, әзірлемелерді, бағдарламаларды жинайды, сараптайды және таратады;
- Тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, білім беру ұйымдары мен педагогтердің осындай бастамаларына қолдау көрсетеді;
- Арнайы жəне жалпы білім беру ұйымдарының педагогтерінің сапалық құрамын, курстан өтуі, біліктілік санаты бойынша дерекқорларын құрады, жұмыс тәжірибесін жинақтайды, талдайды және жүйелейді;
- Облыстық, республикалық конкурстардың, тақырыптық, ғылыми-әдістемелік семинарлардың, конференциялардың және ғылыми-әдістемелік кеңестердің өңірлік кезеңдерін ұйымдастырады және өткізеді;
- Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін жағдай жасайды, сабақтарға қатысады, сындарлы кері байланыс береді;
- Педагогтерді мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерімен, тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие үдерісіндегі өзгерістермен таныстырады;
- Педагогтердің қауымдастықтарын құрады, жұмысын үйлестіреді;
- Өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілген жұмыстардың ақпаратын сол күні бөлім басшысына тапсырады.
© 2026 Ұлытау облысы білім басқармасының
«Ұлытау облысының әдістемелік орталығы» КМҚМ КГКП «Методический центр области Ұлытау»
«Ұлытау облысының әдістемелік орталығы» КМҚМ КГКП «Методический центр области Ұлытау»
управления образования области Ұлытау




