Жаменкенова Меруерт Есенбековна
-
- оқу процессінің сапасын талдайды, тәрбиеленушілердің даму деңгейлеріне, білім алушылардың білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізеді;
- педагогикалық қызметті зерттеу және үздік (озық, инновациялық) педагогикалық тәжірибелерді, әзірлемелерді, бағдарламаларды жинайды, сараптайды және таратады;
- тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, білім беру ұйымдары мен педагогтердің осындай бастамаларына қолдау көрсетеді;
- педагогтерінің сапалық құрамын, курстан өту, біліктілік санаты бойынша дерекқор құрады, жұмыс тәжірибесін жинақтайды, талдайды және жүйелейді;
- облыстық, республикалық конкурстардың, тақырыптық, ғылыми-әдістемелік семинарлардың, конференциялардың және ғылыми-әдістемелік кеңестердің өңірлік кезеңдерін ұйымдастырады және өткізеді;
- педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін жағдай жасайды, сабақтарға қатысады, сындарлы кері байланыс береді;
- педагогтерді мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерімен, тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие үдерісіндегі өзгерістермен таныстырады;
- педагогтердің қауымдастықтарын құрады, жұмысын үйлестіреді;
- Өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілген жұмыстардың ақпаратын сол күні бөлім басшысына тапсырады.




